$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Алматыда саяси партия өкілдері халықты дауыс беруге шақырады

AstanaTV
22.04.2015ж. 20:00
1196
Алматыда саяси партия өкілдері халықты дауыс беруге шақырады

Алматыда алты саяси партияның өкілі бас қосып, баспасөз маслихатын өткізді. «Нұр Отан», «Қазақстан патриоттар партиясы», «Ақжол», «Бірлік», «Қазақстан Коммунистік партиясы» және «Ауыл» партияларының өкілдері өз жақтастарын алдағы жексенбіде өтетін Президент сайлауында белсенділік танытуға үндеді.

Жиналғандар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасау, әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы екенін еске салды. «Осындай саяси науқанда ұлт бірлігі мен әр адамның азаматтық позициясы байқалады»,- деді саяси ұйымдар өкілдері. Айта кетейік, Қазақстан Президентін сайлау алдағы жексенбі, яғни 26 сәуірде өтеді.

Кенжехан Матыжанов, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары:

Сайлау бір партияның немесе қоғамдық ұйымның меншігі емес. Сондықтан бұл сайлау еліміздің әрбір тұрғынының өзінің тағдырына қалай жауап беретініне байланысты. Мен барамын, мен бармаймын деген ой әркімнің өз жүрегінде. Біздің бүгінгі мақсатымыз - әркімнің жүрегіне сәл де болса от жағу.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ