Батыс Қазақстан облысында бруцеллезге шалдыққан мал басы көбейіп барады.
Бұл туралы өңірдегі ауыл шаруашылығы саласын дамыту ісі талқыланған жиында мәлім
болды. Былтырдың өзінде облыстағы 370 мың бас ірі қараның 6 мыңнан
астамы аталған індетті жұқтырса, биыл бруцеллез жұқпасы табылған жануарлар 2 300-ден асты. Осыған байланысты ветеринарлар екпе жұмыстарын қайта
жандандыруды көздеп отыр. Арнайы бағдарлама жасақталып, Ауыл шаруашылығы
министрлігіне ұсынылатын болады.
Айта кетелік, еті шетелге шығарылатын малға
екпе егуге тыйым салу туралы халықаралық талаптарға сай, Қазақстанда 2007 жылы
жануарларға екпе жасау тоқтатылған еді. Алайда, ауру малынан құтылуға
асықпағандар өзгелерге кесірін тигізуде. Заң бойынша малдың індет жұқтырғаны
белгілі болса, екі аптаның ішінде оның көзі жойылуы керек.
Темірхан Қонақбаев, БҚО ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті
аумақтық инспекциясының басшысы:
Кейбір кісілер осы мәселеге немқұрайлы қарайды. Мынау маған ешқандай зиян
келтірмейді деп. Ол қате түсінік, одан дейтін кісілер де ауырады, мал өз
алдына бір-біріне жұғады, кісілер де ауырады. 1 млн 200 мыңдай қазіргі күнде
200 мыңдай айыппұл салынды 6 тұлғаға.
Еркін КАРИН