Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Астана» велокомандасы «Джиро дель Трентино» жарысының алғашқы кезеңінде 3-ші орынға қол жеткізді

AstanaTV
22.04.2015ж. 20:00
1235
«Астана» велокомандасы «Джиро дель Трентино» жарысының алғашқы кезеңінде 3-ші орынға қол жеткізді

Бельгияда велоспорттан «Флеш Валлонь» жарысы өтеді. Аталған сайысқа әлемнің үздік спортшылары қатысып, өзара мықтыны анықтайды. Жыл сайын өтетін дүбірлі додаға «Астана» командасының капитаны Винченцо Нибали қатысады. Спорт тақырыбын Самат Қанағатов тарқатады.

Италия мемлекетінде «Джиро дель Трентино» көпкүндігі басталды. Дәрежелі жарыстың бірінші кезеңінде командалар 13 шақырымнан тұратын қысқа қашықтықта бақ сынады. Бұл бәсекеде желмен жарысқан «Бора Аргон» клубы жеңіске жетті. Бұл аралықты германиялық команда 14 минут 5 секундта бағындырды. Жеңімпазбен бір уақыт көрсеткен Ұлыбританияның «Скай» клубы екінші орынды иеленсе, үшінші сатыны «Астана» командасының спортшылары еншіледі. Жалпы есепте «Бора Аргон» клубының спортшысы италиялық Чезаре Бенедетти көш басына шықты.



Ұлттық хоккей лигасында плей-офф ойындары жалғасуда. Алғашқы кезеңді сәтті бастаған "Чикаго" командасы кезекті жеңісін тойлады. Екі команда арасындағы үшінші ойында 4-2 есебімен басым түскен Чикаго хоккейшілері төртінші кездесуде овертамйда 3-2 есебімен жеңіске жетті. Айдын иелері сапында мергендігімен танылған Антуан Вермет, Брэндон Саад және Брент Сибрук командасына жеңіс сыйлады. 


Азамат АЛДОҢҒАРОВ