Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

«Россельхознадзор» тағы 110 тонна отандық өнімді Ресейге кіргізбей қойды

AstanaTV
23.04.2015ж. 13:00
989
«Россельхознадзор» тағы 110 тонна отандық өнімді Ресейге кіргізбей қойды

«Россельхознадзор» қазақстандық  тауарларға тағы да мін тағып жатыр. Бұл жолы Ресей 110 тонна көкөніс пен кептірілген жемістерді өз аумағына кіргізбей қойды. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланған. Қазақстаннан Челябі облысы мен Екатеринбург қаласына бағыт алған жүкті қазақ тарапы  санитарлық сертификатынсыз өткізбек болды деп жазады құзырлы орган. Сол себепті тасымалдаушыларға өнімді кері қайтару туралы ұйғарым берілген. Жыл басынан бері Ресейдің Челябі облысына жеткізілген 265 тонна жеміс пен ұн Қазақстанға кері қайтарылды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ