Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қырғызстан президенті премьер Жоомарт Оторбаев пен министрлер кабинетінің отставкаға кетуі туралы жарлыққа қол қойды

AstanaTV
24.04.2015ж. 20:00
1344
Қырғызстан президенті премьер Жоомарт Оторбаев пен министрлер кабинетінің отставкаға кетуі туралы жарлыққа қол қойды

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев премьер Жоомарт Оторбаев пен оның министрлер кабинетінің отставкаға кетуі туралы жарлыққа қол қойды. Бұл жөнінде Интерфакс хабарлады. Жарлыққа орай, жаңа үкімет құрылғанша, олар түгелдей өз орындарында уақытша міндет атқарушы ретінде жұмыс істейді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қырғызстан премьер-министрі Жоомарт Оторбаев қызметінен кетуге өтініш білдірген. Үкіметтің өткен жылғы атқарған жұмысы туралы Парламенттегі есебінен кейінгі мәлімдемесінде ол: «көзделген мақсаттардың барлығына қол жеткізе алмадық, дегенмен атқарушы билікке серпіліс қажет» деді. Сонымен қатар коалиция мен парламентке премьер-министр қызметін атқаруға мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді. Еске салсақ, Жоомарт Оторбаев басқарған үкіметтің жаңа құрамын Қырғызстан Парламенті 2014 жылдың 3 сәуірінде бекіткен.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА