$488.11 €530.09 ₽5.01
×

Түркия армяндар геноцидін мойындағысы жоқ

AstanaTV
24.04.2015ж. 20:00
1299
Түркия армяндар геноцидін мойындағысы жоқ

«Ешқандай геноцид болған жоқ. Армения шағымы негізсіз». Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған әлем саммиті барысында осындай мәлімдеме жасады. Айтуынша, Түркия мұрағаттарында армяндардың қатігездікпен өлтірілгені жайында құжаттар тіркелмеген. Түркия билігі тіпті, 1915 жылы болған оқиғалардың бетін ашу үшін, мұрағатты ақтаруға рұқсат беруге дайын.

Айта өтейік, 100 жыл бұрын Осман империясында армяндардың жаппай қырылғаны жайлы деректер бар. Десе де, ресми Анкара бұл жайтты мойындар емес. Ал Таяуда Венада армяндарға геноцид жасалғанын мойындағандықтан, Түркия Австриядағы елшісін кері қайтарған болатын. Арменияда бүгін ұлт тарихындағы ең қаралы оқиғаға 100 жыл толуына орай, шаралар өтіп жатыр.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА