Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Назарбаев университетінің» ғалымдары жүрекке жабық ота жасайтын құрылғы жасап шығармақ

AstanaTV
24.04.2015ж. 20:00
1040
«Назарбаев университетінің»  ғалымдары жүрекке жабық ота жасайтын құрылғы жасап шығармақ

«Назарбаев университеті» жүрекке жабық ота жасауға мүмкіндік беретін медициналық құрылғы жасап шығарады. Мұндай жаңалығымен Назарбаев университетінің инновациялар бойынша вице-президенті Қанат Байғарин бөлісті. Оның айтуынша, қанатқақты жоба дайын.

Өткен жылдың желтоқсанында кардиохирургия орталығының мамандары аталмыш жабдықпен жүрекке ота жасап, ол сәтті өткен. Бұл инновациялық жоба отандық медицинаны бір қадам алға бастырмақ. Биыл да бірнеше ота жасалады деп күтіліп отыр. «Жоба алдағы жылдың ортасында толық жұмыс істей бастайды», - дейді Қанат Байғарин. Яғни оның өндірісі Назарбаев университетіндегі технологиялық парк базасында жүзеге аспақ. 

Қанат Байғарин, «Назарбаев Университеті» ДБУ инновациялар жөніндегі вице-президенті: 

Біз жүрекке ота жасайтын медициналық құрылғының өндірісін бастап жатырмыз. Ол жүрекке кеуде сүйекті ашпай-ақ жабық түрде ота жасауға мүмкіндік беретін қондырғы. Жобаны бір жыл ішінде өндіріске шығарамыз. Осы бағытта америкалық әріптестерімізбен бірігіп жұмыс істеп жатырмыз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ 


Алдыңғы жаңалық