Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматыда да сайлаушылар таңнан дауыс бере бастады

AstanaTV
26.04.2015ж. 10:00
2092
   Алматыда да сайлаушылар таңнан дауыс бере бастады

Еліміздегі сайлау учаскелері ең көп шоғырланған Алматы қаласында да дауыс беру қызу жүріп жатыр. Дәл қазіргі уақытта халықтың сайлау аймақтарына келу қарқыны артқан. Әсіресе зейнеткерлер мен студенттер қауымы бұл шаһарда белсенді. Қаладағы дауыс беру нүктелерінің ашылуынан бастап жағдайды назарында ұстаған тілшіміз қазір байланыста.

Ришат Асқарбекұлы, тілші:


Алматыда алғашқы сайлау учаскесі таңғы сағат 6-дан бастап ашылды. Ал дауыс беру сайлау заңнамасында бекітілген тәртіп бойынша сағат 7-00-де басталды. Біз Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінде орналасқан №378 сайлау учаскесінде тұрмыз. Дауыс беру үшін бұл жерге халық ертеден келе бастады. Мұнда алғашқы сайлаушы  учаске ашылғаннан келіп,  өз таңдауын жасап үлгерді. Бірінші болып келгендердің қатарында әдеттегідей студенттер мен зейнеткерлер көп кездесті. Лидия Смолева, Қазақстанда 50 жылдан астам уақыт тұрып жатыр. Әрбір сайлауға ол ылғи бірінші болып келіп, дауыс береді.

Лидия Смолева, сайлаушы:

Мен бүгін таңертең тұрып, өз сайлау учаскеме асықтым. Себебі, мен үшін көшбасшыны таңдау маңызды. Дұрыс басшыны таңдап алу біздің тұрақтылымыз бен балаларымның келешігінің кепілі деп білемін. Елдің жүзінен бүгін қуаныш пен күлкіні ерекше байқадым.

Жанат Бименова, сайлаушы:

Қазір біздің ақпарат бойынша 47 халықаралық бақылаушылар сайлау барысын бақылауда. Мыңнан астам жергілікті бақылаушалр сайлау учаскілерінде жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар мыңға жуық кандидаттардың сенім білдірілген өкілдері отыр. Енді бәрі тышын, ойдағыдай ашылды. Халықтың белсенділігін сағат 10-нан кейін біле бастаймыз. Қанша пайыз дауыс беріп жатыр екен адамдар.

Алматы сайлау науқанында қай кезде де белсенділігімен ерекшеленеді. Шаһарда барлығы 513 сайлау нүктесі жұмыс жасап тұр. Ал қалада бүгін 1 млн. 28 мың адам дауыс беруге келеді деп күтіліп отыр. Қалалық сайлау комиссиясының мәліметінше,  сайлауға қатысуды азаматтық парызым деп қарайтын тұрғындар әсіресе Әуезов, Алатау және Түркісіб аудандарында шоғырланған. Комиссия мүшелері өзге аудандарда да  сайлаушылардың белсенділігі жоғары болады деп сенеді.

Жанна Асанова, Алматы қаласы сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

Қазір біздің ақпарат бойынша 47 халықаралық бақылаушылар сайлау барысын бақылауда. Мыңнан астам жергілікті бақылаушалр сайлау учаскілерінде жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар мыңға жуық кандидаттардың сенім білдірілген өкілдері отыр. Енді бәрі тышын, ойдағыдай ашылды. Халықтың белсенділігін сағат 10-нан кейін біле бастаймыз. Қанша пайыз дауыс беріп жатыр екен адамдар.

Әр сайлаушы тек өзінің тұрғылықты тіркелген жерінен ғана дауыс бере алады. Жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы жергілікті әкімдіктің сайтынан өз аты-жөнін анықтап, сайлау учаскесінің мекен-жайын білуге болады. Бұл жолы да Президент сайлауының бюллетендерінде «барлығына қарсы» деген нұсқа болмайды. Сондықтан сайлаушы міндетті түрде кандидаттардың біреуіне дауыс беруі тиіс.

Серік Бекбосынов, Алматы қаласындағы №378 сайлау учаскесінің төрағасы:

Қуанышты жағдай. Бізде 2748 сайлаушы тіркелген. Сол алдын ала шақырудың нақтылығынан, сапалылығына қарай ма? Соған сүйеніп айтарым, белсенділік міне жоғары.

Ришат Асқарбекұлы, тілші:

Алматы қаласы әкімдігі ішкі саясат басқармасы ақпараттық сараптама орталығы жақында тұрғындардың электораттық көңіл-күйін зерттеп көрген болатын. Респонденттердің жауабына қарай зерттеушілер шаһарда халықтың 70 пайызы дауыс беруге келетінін болжаған. Сайлау учаскелеріндегі қызметкерлер дауыс берушілердің белсенділігі әдетте күндізгі сағат 12-ден соң артатынын айтады.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ