$455 €492.13 ₽5.94
×

ОСК соңғы мәліметтер

AstanaTV
26.04.2015ж. 16:00
726
ОСК соңғы мәліметтер

Орталық сайлау комиссиясы қазақстандықтардың сайлау белсенділігі туралы мәліметтерді сағат сайын жаңартып жатыр. Сағат 14.00-дегі дерек бойынша Қазақстан президенті сайлауында еліміздегі сайлау хұқы бар азаматтардың 68, 48  пайызы өз таңдауын жасаған.  Сайлауда аса белсенділік танытқан өңірлер де белгілі. Ең соңғы мәліметтермен Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығынан әріптесім Жұрағат Баман таныстырады.

Астана және Алматы қалаларының Орталық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес  14. 00 дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін алған сайлаушылардың саны 68 пайыздан асқан. Қазірде ең белсенді өңір Алматы облысы болып отыр. Бұнда сайлаушылардың 80 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерген. Ал белсенділігі ең төмен өңір әзірге Маңғыстау облысы. Бұл аймақта сайлаушылардың тек 57 пайызы азаматтық борыштарын орындаған. Толығырақ ақпаратты Орталық сайлаукомиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев жариялады.

Марат Сәрсембаев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Ақмола облысы бойынша 76, 98%. Ақтөбе облысы 65, 51%, Алматы облысы 80, 31%, Атырау облысы 73, 41%, ШҚО 75, 52%, Жамбыл облысы 72,49%, Батыс Қазақстан облысы 67,13%, Қарағанды облысы 69, 21%, Қызылорда облысы 73, 13%, Қостанай облысы 77, 22%, Маңғыстау облысы 57,19 %, Павлодар облысы 71, 01%, СҚО 70,05%, ОҚО 77,28 %, Астана қаласы бойынша 45,75 %. Алматы қаласы бойынша 39, 34 %.

Дәл қазіргі уақытта бізде бар ақпарат осы. Қосымша мәліметті сағат 19 00 де айтатын боламын. Рахмет Жұрағат,айта кетейік, бізбен қазір ғана орталық сайлау комсиссиясынан тікелей байланыста әріптесім Жұрағат Баман болды.

Жұрағат БАМАН


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах