Петропавл көшелерінде Жеңіс
күні қарсаңында жарты миллионнан астам гүл отырғызылады. Қазір қала билігі оны
арнайы жылыжайларда өсіріп жатыр. Қаңтар айында егілген дәндер бүгінде
өсіп-жетіліп, кейбіреулері гүлдеп те үлгерді. Өсімдіктердің дұрыс қалыптасуын
24 маман бақылап отырады. Олар уақытылы су құйып, температураның тұрақты болуын
қадағалауына алған. Мектеп ауласында орналасқан 3 жылыжайда қазір гүлдің 10
түрі өсірілуде. Сәнді қырыққабат деп аталатын хош иісті өсімдікті гүл мамандары
биыл алғаш рет отырғызып көрді. Айтуларынша, ерекше сәні бар бұл гүл біздің
климатқа сәйкес келеді. 9-мамыр мерекесіне орай шаһар көшелерінде гүл
композициялары да құрылмақ.
Антонина Сулеин, гүл өсіруші:
Гүлдер композициясын арнайы
дизайнер құрады. Биыл қалада гүлдерден құралған 3 үлкен сурет салынбақ. Жалпы,
Петропавлда биыл 15 мың шаршы метр гүл отырғызылады. Бұл 600 мың түп гүл.
Абзал
ҚҰРМАНКИН