$518.37 €609.97 ₽6.6
×

Алматыда Отан соғысы жылдарындағы әндердің фестивалі өтті

AstanaTV
28.04.2015ж. 10:00
1535
Алматыда Отан соғысы жылдарындағы әндердің фестивалі өтті

Алматыда Отан соғысы жылдарында кеңінен тараған әндер мен әуендердің фестивалі өтті. Байқауға қаладағы жоғарғы оқу орындарының студенттері  бір кісідей ат салысқан. Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған шарада соғыс жылдарындағы әскери әндер орындалып, музыкалық театрландырылған қойылымдар көрсетілді. Жас орындаушылардың өнерін тамашалауға майдангерлер қонақ ретінде шақырылды. Сахнаға көтерілген әрбір өнерпаз майдан даласындағы рухты әуендер мен жауһар жырларды бар ынтасымен орындауға тырысты. Ал қатысушылардың өнерін қазылар алқасы бақылап, тиісті бағасын берді.

Назым Жанғарашева, Фестиваль ұйымдастырушысы:

Фестивальге қатысуға тапсырыс бергендер көп болды. Студенттер арасында әскери әндер мен соғыс жылдарындағы әуезді әуендерге деген қызығушылық жоғары екенін байқадым. Елдің рухын көтеретін өлеңдерді жаттап алу оңай. Бұл шараның мақсаты- ардагерлердің өздерін шақырып,  жастардың өнерін, оларға деген құрметін көрсету болды.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ 





Алдыңғы жаңалық