Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының жаңа сайланған Президенті болып тіркелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы бүгін ресми мәлімдеп отыр. Сайлау комиссиясы дауыс беру қорытындысын жариялап,
мемлекет басшысының инаугурациясы өтетін күнді де белгіледі. Сонымен ант беру рәсімі сәуірдің
жиырма тоғызында, яғни ертең өтеді. Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс
болған президенттік сайлауда кандидаттардың жинаған дауыстары бойынша да соңғы,
әрі нақты сандарды жариялады.
Сайлауға
дауыс беруге құқылы азаматтардың 95,21 пайызы қатысқан. Әбілғазы
Құсайыновқа 57 718 дауыс берілді. Бұл 0,64 пайыз, Нұрсұлтан Назарбаев үшін 8
млн. 833 мың 250 адам дауыс берген, бұл жалпы дауыстың 97,75 пайызы. Тұрғын
Сыздықовқа 145 мың 756 сайлаушы қолдау білдірді. Бұл - 1,061 пайыз.
Бақыт
Мелдешов, ҚР ОСК хатшысы:
Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев Қазақстан
Республикасының Президенті болып тіркелсін. 2015 жылғы 26 сәуірде кезектен тыс
сайлауда сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың ант беру күні 2015 жылғы 26-шы сәуір болып, 29 сәуір болып
айқындалсын.
Айгүл ӘДЕПБАЙ