$488.11 €530.09 ₽5.01
×

Қарағанды облысында су тасқынына орай жарияланған төтенше жағдай алынып тасталды

AstanaTV
29.04.2015ж. 10:00
868
Қарағанды облысында су тасқынына орай жарияланған төтенше жағдай  алынып тасталды

Қарағанды облысында су тасқынына орай жарияланған төтенше жағдай  алынып тасталды. Яғни апаттың негізгі салдары жойылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Су басқан ауылдарда жағдай түзеліп келеді. Тұрғындар баспаналарына оралған. Барлық мемлекеттік органдар халыққа жан- жақты көмек көрсетуде. Арнайы комиссия  келген шығынның көлемін әлі есептеп жатыр. Әзірге 161 үйдің қирап қалғаны белгілі болды. Апатты баспаналарды бұзу жалғасуда.

Еске салсақ, 25 наурызда басталған су тасқыны екі аптаның ішінде 50 елді мекенге басып кірген еді. 2 мыңнан астам үй су астында қалған болатын. Сондай,-ақ, республикалық және облыстық маңызы бар жүздеген жолдарды су шайып кетті. Осыдан кейін 17 сәуірде Қарағанды облысының 9 ауданы мен 2 қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Айжан ҚУАШ 



Алдыңғы жаңалық

Келесі жаңалық