$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Еуропа Грекияның банкроттығына дайындалып жатыр

AstanaTV
14.05.2015ж. 13:00
1304
Еуропа Грекияның банкроттығына дайындалып жатыр

«Грекия қарызын төлей алмайды». Еуропа елдері осындай тоқтамға келіп отыр. Бұған дейін Афиныдағы қаржылай қиындық халықаралық валюта қоры есебінен реттеліп келді. Бірақ жағдайдың бұлай жалғаса бермейтіні түсінікті. Батыс шенеуніктері Грекияның еуро аймақтан шығуына және банкрот деп жариялануына дайындалып жатыр. Мамырдың 12-де Афины Халықаралық қаржы қорына берешек 750 млн еуроны өтей алмады. Сондықтан Грекия қаржы ұйымындағы өзінің қорына жүгінді.Арнайы қарыз алу құқығын яғни, СДР-ді халықаралық валюта қоры 1969 жылы енгізді. Ол арқылы қаржы құрылымы мүше елдерінің қорын толықтырып отырады. Еуропалық Одақтың қазіргі валютасы - еуро мен Халықаралық валюталық қордың СДР-і яғни арнайы қарыз алу құқығы доллармен бірге дүниежүзілік ақша қызметін атқарып отыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ