Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ақтөбеде биыл 2720 түлек мектеп бітірді

AstanaTV
25.05.2015ж. 20:00
1754
Ақтөбеде биыл 2720 түлек мектеп бітірді

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғылып, түлектер алтын ұямен қоштасты. Ақтөбе қаласының өзінде 2720 түлек орта білімді аяқтап шықты. Енді олардың алдында тұрған асу ол - Біріңғай ұлттық тестілеу. Ал бүгін олар мектеп вальсін билеп, бастарына ақ бантик тағып, құшақтарын гүлге толтырды. 

"Соңғы қоңырау" салтанаты - әсіресе түлектер үшін ерекше мереке. Қолдарына гүл шоқтарын ұстаған олар, бүгін өздеріне арнайы соғылған қоңырау үнін естиді. Бір сәтте қуаныш пен қимастықты қатар сезінген мектеп бітірушілердің бойында қобалжу басым. Дегенмен, болашақ мамандықтарын да таңдап қойған.

Әнуарбек Асқарбеков:

Физика пәнін таңдап отырмын. Инженер-механик, автокөліктерді жаңарту. Қазақстанның өз атынан жаңадан автокөліктерді шығару маңызды, жұмыс істегім келеді.

Айбек Айтқалиев:

Жоғары оқу орнына түсеміз деп ойлаймыз, барлығымыз, класстастарымызбен. ЕНТ-ны жақсы тапсырып, ақ жол тілесек болады. Өзім архитектор мамандығын таңдап тұрмын және де Қазақстанның өркендеуіне керемет, үлкен ғимараттар салуына үлес қосқым келеді.

Осыдан 11 жыл бұрын бүлдіршін баласын мектепке жетектеп келген ата-ана үшін де бүгін - тарихи күн.

Мәрия Сағиева:

Екі немерем бітіріп жатыр. Мықты толқып тұрмын. Өте қуаныштымын. Екеуі де алдында жақсы оқыды. Енді оларға алда жақсы тілек тілеймін. ЕНТ-ден сүрінбей, аман-есен өтсін деймін ғой. Жақсы болып өтсін деп.

Ұлттық біріңғай тестілеуден еліміз бойынша жыл сайын үздік үштіктен көрінетін ақтөбелік түлектер биыл да жоғары көрсеткішке қол жеткізуді көздеп отыр. Мектеп бітірушілер арасында түрлі халықаралық және республикалық байқаулар мен интеллектуалдық сынақтарда жүлдемен оралғандар аз емес.

Ләззат Оразбаева, Ақтөбе қалалық білім бөлімінің жетекшісі:

Ақтөбе қаласында 70 мектеп бар. Содан 2720 бала бітірейін деп отыр. Оның 116-сы алтын белгіден үміткерлер. Енді біздің биылғы мектеп түлектерімізге алдында үлкен өмір күтіп тұр. Сондықтан мына тек қана өмірде ҰБТ емес, тек қана мынадай сынақтар емес, үлкен-үлкен көп сынақтар бар. Сондықтан сол сынақтарда бастарын көтеріп өтсін.

Мансұр Есқожин, тілші:

Жез қоңыраудың сыңғыры кезекті түлектерді үлкен өмірге шығарып салды. Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып кірген оқушылар бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басуда, алда сын бар. Ұлттық бірыңғай тестілеу мен жоғары оқу орнына жолдама. Әзірге бұл күн - олар үшін үлкен мереке.

Мансұр ЕСҚОЖИН