Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Шетелде әскери операцияларға қатысып жатқан қазақстандық сарбаздардың жалақысы үше есе өспек

AstanaTV
28.05.2015ж. 20:00
1575
Шетелде әскери операцияларға қатысып жатқан қазақстандық сарбаздардың жалақысы үше есе өспек

Бітімгершілік операцияларына қатысып жатқан қазақстандық сарбаздардың жалақысы үше есе өспек. Бұл туралы Сенатта бітімгершілік қызмет туралы заң жобасын таныстырған Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров айтты.

БҰҰ-ның бітімгершілік операцияларына 20 қазақ сарбазын жіберу туралы шешімді Парламент 2013 жылы қабылдаған. Бүгінде аталмыш миссия бойынша алты қазақстандық әскери Батыс Сахара мен Кот-д'Ивуарға жіберілген. Жалпы сарбаздарын қақтығыс аймақтарына жіберетін әлемнің 122 мемлекеті ішінде Қазақстан 106-шы орында.

Вице-министрдің айтуынша, аталмыш заң жобасы бізге керек. Өйткені БҰҰ мүшесі ретінде біздің жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде халықаралық міндеттемелеріміз бар. Ал заң жобасы қазақстандық сарбаздардың бітімгершілік операцияларына қатысу ретін, әлеуметтік төлемдерін, жалпы қызметін айқындайды, - дейді Талғат Мұхтаров.

Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

Бітімгершілік операцияларына қатысқан әскерилер мен азаматтық адамдарға бітімгершілік операциялары кезінде үш есе мөлшерде жалақысы төленеді. Сол жаққа жеткен кезден бастап, операция өтіп жатқан жерге жеткеннен бастап үш есе мөлшерде төленеді.

Депутаттарды әскери тілшілер жағдайы да қызықтырды. Бізде әскери журналист дайындайтын оқу орны жоғын айтқан Қорғаныс министрінің орынбасары, БАҚ өкілдерін Ресей әскери университеттерінде дайындап жатқандарын, жеткізді. Бүгінде жеті әскери журналист көрші елде оқып келген.

- Біз, мысалы, қарапайым журналистер әскери журналист бола аламыз ба?  

Талғат Мұхтаров, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

Сіздер әскер қатарына шақырылу керексіздер ол үшін. Сондықтан дайындық өтіп. Заңның талаптарына сәйкес келсеңіз, қабылдаймыз, бізде вакансия болса.

Айгүл ӘДЕПБАЙ