$451.71 €491.64 ₽5.86
×

Ақтөбе облысында қырылған киіктердің саны он мыңға жуықтаған

AstanaTV
03.06.2015ж. 20:00
841
Ақтөбе облысында қырылған киіктердің саны он мыңға жуықтаған

Ақтөбе облысында қырылған киіктердің саны он мыңға жуықтады. Бұл жайында арнамызға облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары айтты.

Ырғыз және Әйтеке би аудандарында Қызыл кітапқа енген жануарлардың өлексесі 18-ші мамырда алғаш рет табылған. 3 мыңнан астам ақбөкен әсіресе Тобыл-Торғай табиғи резерваты аумағында жаппай қырылған еді. Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында киіктердің өлуі мамыр айының онынан бастап белең алды.

Бүгінде ажал құшқан ақбөкендердің жалпы саны 120 мыңға жуықтайды. Мамандар Қостанайдағы жағдайға жануарлар арасындағы пастереллез ауруы себеп болды десе, батыс аймақтағы киіктердің жаппай өлуіне мөлшерден тыс жауған жаңбырдан уланған шөп себеп болуы ықтимал деген болжам айтты. Бұл жағдайдың нақты себебін анықтау мақсатында үкімет тарапынан құрылған арнайы комиссия жұмысқа кіріскен. Шетелден ғалымдар да тартылуда.

Мансұр ЕСҚОЖИН

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах