Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Тасқыннан зардап шеккен Ғ.Мұстафин ауылы тұрғындарына жаңа үйлер беріле бастады

AstanaTV
03.06.2015ж. 20:00
914
Тасқыннан зардап шеккен Ғ.Мұстафин ауылы тұрғындарына жаңа үйлер беріле бастады

Қарағанды облысында көктемгі топан судан зардап шеккен Ғ.Мұстафин ауылындағы екі отбасы жаңа баспанада қоныс тойын тойлады. Бұл үйлердің іргетасы мамыр айында ғана қаланған болатын.

Нұрлан Жабаев, Ғ.Мұстафин ауылының тұрғыны:

Су жаңа үй. Фундаменттен бастап өзім контроль жасадым, өзім көмектестім. Күллі Қазақстан халқына рахмет. Морально, материально көмек берді.

Бұл елді мекенде наурыздың аяғында болған су тасқынынан 272 баспана қирап қалған. Жалпы облыс бойынша тасқыннан қираған ескі баспаналардың орнына 391 үй тұрғызылуы тиіс. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді. Аймақ басшыларының айтуынша, далада қалған тұрғындарды толық қамту үшін, республикалық бюджеттен әлі 6 млрд теңге бөлінбек. Жаңа баспаналардың сапасын облыс басшылары қадағалауына алған. Олар құрылыс материалдарына толықтай отандық өнім пайдаланылғанын мақтанышпен жеткізді. Қалған үйлерді құрылысшылар жаңа оқу жылына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібековтің айтуынша, топан судың салдарын толық жою үшін, 50 миллиардтай теңге қажет. Оның 35 миллиарды қараусыз қалған тоғандарды қайта тұрғызуға жұмсалмақ. 

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

Мамандар қазір сараптама жасап жатыр. Олар ең қауіпті тоғандарды анықтайды. Маңында мектеп, аурухана, үлкен елді мекен бар су қоймаларды ең алдымен бекітеміз. Қаржыны соларға жұмсаймыз.

Айжан ҚУАШ