Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтау теңіз айлағында бір көлікті рәсімдеуге 48 минут кетеді - Б. Сағынтаев

AstanaTV
16.02.2016ж. 20:00
1523
Ақтау теңіз айлағында бір көлікті рәсімдеуге 48 минут кетеді - Б. Сағынтаев

Ақтау портында жүктерді рәсімдеу уақыты бірнеше есеге қысқарды. Бұрын бір көлік 15 сағат бойы рәсімделсе, енді бұл жұмыс 48 минутта бітеді. Вице-премьер-министрдің ескертуінен соң жұмыс қарқын алған. Бақытжан Сағынтаев теңіз қақпасына көңілі толмайтынын білдіріп, жүктерді өткізу мен кедендік рәсімдеу жұмыстары баяу жүргізілетінін сынаған еді.

Негізінде, бұл портқа келген көліктерді жіберу жылдамдығы ондағы жүк туралы ақпаратқа тікелей байланысты. Алайда, көлік компанияларының жұмысын тездетуге порт әкімшілігінің құзыры жоқ екен. Дегенмен, порттағы барлық қызмет тәулік бойы жұмыс істеп, жүктерді рәсімдеу уақыты бірнеше есеге қысқарды. Тіпті штатқа 14 адам қосымша қабылданып, брокерлік қызмет құрылыпты.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

Осыдан бір апта бұрынғы жағдаймен салыстырғанда, бүгінгі өзгерістің айырмасы жер мен көктей. Бұл жұмыстар әу бастан осылай жүргізілуі керек қой. Бүгін алғашқы көлік небары 48 минутта рәсімделді. Осыған дейін бұл іске 15 сағат кететін.

Көлік жүргізушілер де Ақтау теңіз портындағы жұмыстың жанданғанына таңданыстарын жасыра алмады.

Абдулла Минал, көлік жүргізушісі:

Қазір тек кассаға 18 мың теңге төлейміз. Осымен бүкіл шаруа бітті. Шынымды айтсам, мына жерде не болғанын білмеймін, бірақ бүгінгі таңданысымда шек жоқ.

Еркін КАРИН