Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

«Travelsystem» туристік компаниясына алданған саяхатшылар елге оралуда

AstanaTV
08.06.2015ж. 13:00
1136
  «Travelsystem» туристік компаниясына алданған саяхатшылар елге оралуда

«Travelsystem» туристік компаниясынан опық жеген Түркиядағы саяхатшылар әлі де елге оралуда. Кеше кешкісін Алматы әуежайына Анталиядан қонған Эйр Астананың кезекті рейсімен 2 турист келді. 4 жасар баласымен демалуға аттанған жас ананың көңілі жабырқаулы. Жазғы демалысты өткіземіз деп барып, керісінше, күйзеліп қайттық, - дейді. Қалтамыздағы қосымша қаражат болмағанда, далада қалар едік,- деп отыр.

Надежда Хизамудинова, саяхатшы:

Әйтеуір аман-есен елге жеттік. Енді «Travelsystem» компаниясын сотқа береміз. 1900 АҚШ долларына жолдама сатып алған болатынбыз. Анталияға жеткенімізде бәрі ойдағыдай болған. Маусымның 4 күні түнгі сағат 23.00-де хабарласып, қонақ үйден шығаратынын жеткізді. Қатты қобалжыдық. Бірақ қалтамызда қалған бар -жоғы 620 АҚШ долларын шығарып, міне алдарыңызда тұрмыз.

Айта өтейік, Қазақстандық Туроператорлар қауымдастығы өкілдері жуырда Түркияға демалуға барған 160 туристтің тағдыры белгісіз екенін мәлімдеген болатын. Яғни, олардың шетелдегі жағдайы туралы қандай да бір мәлімет жоқ. Елді тақырға отырғызған «Travelsystem» туристік агенттігінің клиенттері болып табылатын бұл азаматтар да қонақ үйлерден шығарылып тасталған 700 туристің қатарына кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жауапты мемлекеттік органдары жапа шеккен демалушылардың мәселесін біртіндеп шешуде.

Айгүл ЕРМАХАН