Астанада Әлемдік және дәстүрлі
діндер лидерлерінің бесінші съезі бүгін де өз жұмысын жалғастырады.
«Бейбітшілік пен даму жолындағы діни және саяси қайраткерлердің үнқатысуы»
ұранымен өтіп жатқан дәстүрлі жиын Елордада кеше басталған. Алқалы басқосудың
алғашқы отырысына Президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Ол әлемдік дін және
саясат көшбасшыларын діни экстремизм деген қате түсініктің аражігін бірлесе
ажыратуға үндеді. Жыл сайын өткізіліп келе жатқан бейбітшілік пен тыныштықты ту
еткен Астана жиынына биыл дінбасылардан бөлек бірқатар мемлекеттердің
басшылары, көрнекті саяси қайраткерлер жиналды. Оған БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги
Мунның келуі - әлемдік қауымдастықтың Астаналық рухани форумға берген жоғары
бағасы, - деді Елбасы. Пан Ги Мун өз кезегінде Қазақстан Президентінің лидерлік
көрегендігін жоғары бағалайтынын жеткізді. Қазақстан бастамашылық жасаған
әлемнің саяси және діни лидерлері арасындағы мұндай диалогтың өзектілігін атап
өтті.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА