Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Бекіре балықты заңсыз алып кетпек болған шетелдік азамат құрықталды

AstanaTV
13.07.2017ж. 20:00
2097
Бекіре балықты заңсыз алып кетпек болған шетелдік азамат құрықталды

Әзірбайжандық браконьер. Маңғыстаулық полицейлер бір тоннадан асатын бекіре балықты заңсыз алып кетпек болған шетелдік азаматты құрықтады. Әзірбайжан тұрғыны бағалы балықтың түрін одан әрі өндіріп көбейту мақсатында сатып алған көрінеді. Сөйтіп, тауарды Ақтаудың өндірістік базаларының бірінде сақтаған. Тоңазытқышты тексеру кезінде 1 тонна 151 келі тартатын 250 дана бекіре тұқымдас балық табылды.

Су жануарларының қайдан сатып алынғанын тергеушілер анықтап жатыр. Браконьерді жедел іздестіру шаралары кезінде ұстаған полицелер оның үстінен қылмыстық іс  қозғады.

Болат Лұқманов, Маңғыстау облысы ІІД-нің басқарма басшысы:

Қожайындары бар, тергеу кезінде олардан да жауап алып жатырмыз. Маңғыстау облысында 3-ші жыл қызмет етіп келемін. Бұған дейін менің тәжірибемде бұндай заңсыз құрықтаулар болған емес.