Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

АҚШ Қытайдан бекер қауіптенеді

AstanaTV
24.03.2017ж. 20:00
1950
АҚШ Қытайдан бекер қауіптенеді

Қытай АҚШ-қа сес көрсетпейді. Ал Америка өзіне ор қазып жүр. "Астана" телеарнасының сұрағына жауап берген Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі осылай дейді. Чжан Ханьхойдың айтуынша, Бейжің, керісінше, кез-келген елмен қарым-қатынасты жандандыруға қашан да әзір. "Десе де, АҚШ әр қадамның артында бір гәпті көреді" деді ол. Саясаткер бұны "бұзақылық" деп бағалады.

Айта өтейік, екі ел арасында  келіспеушілік бұрынанан байқалады. Мәселен, Вашингтон Бейжіңнің Оңтүстік Кореядағы аралдарына қатысты позициясын құптамайды. Ал, Қытай сыртқы істер министрлігі АҚШ-қа ішінара мәселеге араласпауға кеңес берумен келеді. Кейбір дипломатиялық келіспеушіліктерге қарамастан, екі тарап арасындағы сауда қатынасы оң дамып келеді. Өткен жылы тауар айналым 600 миллиард долларға жеткен.

Чжан Ханьхой, ҚХР Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

Қытай ешқашан Америкаға қауіп төндірген емес. Америка өзі мазасызданып отыр. Бұған Қытай экономикасының дамуы себеп деп есептеймін. Біз өзімізді қорғай алатын дәрежеге жеттік. Сондықтан бізден сескенеді.

Қазақстан-Қытай қарым-қатынасына келетін болсақ, елші мәдени дамудың жандануына Димаш Құдайбергеннің үлесі зорын айтады. Аспан асты елі Димаштың шығармашылығына тәнті болғанын жасырмады. 

Чжан Ханьхой, ҚХР Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:

Халық Димаштың дауысына ғана емес, мінезіне де ғашық. Мінезінен кең даланың жомарттығы сезіледі. Димаштың Қытайда жұлдызы жанды, сондықтан елде өз ісін бастаса да болады деп ойлаймын. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА