Ақтау халықаралық әуежайында
өртке оранған Боинг-747 ұшағына қатысты, Скат әуекомпаниясы алдын-ала болжам
жасады. Олар «апаттың шығуына көліктің газ жүйесіндегі қандай бір ақаулық себеп
болуы мүмкін», - деп отыр. Бұл жайында аталған әуекомпанияның қоғаммен байланыс
бөлімінің жетекшісі Виктория Ульяноваға сілтеме жасап, Интерфакс хабарлайды.
Кеше кешкісін Ақтау халықаралық әуежайындағы ұшу-қону алаңында тұрған ұшақ
өртенді. Әуе көлігі жергілікті уақытпен 18:18-де Астанадан ұшып барған болатын.
Ол техникалық тексерістен өтіп, келесі сапарға аттану үшін ұшу-қону алаңына
жеткізілген. Араға аз-кем уақыт салып, ұшақтан өрт шыққан. Қызыл жалынды
әуежайдағы күш құрылымдары мамандары өшірді. Төтенше жағдай кезінде бортта
жолаушылар да, ұшқыштар да болмаған.
Тоғжан ОСПАНБАЕВА