Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Әділбек Жақсыбеков «Астана ЭКСПО-2017» құрылыс алаңында көшпелі кеңес өткізді

AstanaTV
17.06.2015ж. 20:00
1093
Әділбек Жақсыбеков «Астана ЭКСПО-2017» құрылыс алаңында көшпелі кеңес өткізді

Әділбек Жақсыбеков «Астана ЭКСПО-2017» құрылыс алаңында көшпелі кеңес өткізді. «Астана қаласының әкімі әрі «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарма төрағасы жұмыс барысымен егжей-тегжейлі танысты», - деп хабарлайды Елорда әкімінің баспасөз қызметі. Жалпы аумағы 174 гектарды алып жатқан құрылыс алаңында Қазақстанның басты павильоны, конгресс-орталық, амфитеатр, халықаралық павильондар, сауда, ойын-сауық орталықтары, тұрғын үй кешендері, қонақ үйлер және басқа да нысандар салынып жатқаны белгілі.

Кеңес барысында Жақсыбеков құрылысты уақытылы қаржыландыру мен аталмыш нысандарды көрмеден кейін пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, көрме алаңдары мен қалада қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне бөлек тоқталып, нақты тапсырмалар берді. Айта кетерлігі, Әділбек Жақсыбеков ЭКСПО көрмесінің жаңа басшысы ретінде құрылыс алаңын алғаш рет аралап отыр. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ