$457.29 €490.35 ₽5.97
×

«Астана» телеарнасында шыққан ақпараттан соң ТЖ қызметкерлері петропавлдық зейнеткердің үйіне жиналған суды сорғызып берді

AstanaTV
17.06.2015ж. 20:00
970
«Астана» телеарнасында шыққан ақпараттан соң ТЖ қызметкерлері петропавлдық зейнеткердің үйіне жиналған суды сорғызып берді

Петропавлдық зейнеткер Юрий Устининге көмек көрсетілді. Қарияның үйін жаңбыр суы басып қалғаны туралы жаңалықтарымызда айтқан болатынбыз. Құтқару қызметінің ардагері нөсер жауынның салдарын өз бетімен жоюға тырысқан. Алайда зейнеткердің денсаулығы да, қалтасы да ол ауыртпалықты көтере алмайтын еді.

Бүгін таңертең төтенше жағдай қызметінің мамандары қарияның үйіндегі топан суды сорғызып берді. Оған қоса, сол жердегі бірнеше баспанаға көмек көрсеткен. Төтенше жағдай қызметкерлерінің айтуынша, мұндай қиындық «Жұмысшылар» кентінде жыл сайын қайталанады. 

Болатжан Асқарбеков, Петропавл қаласы №4 өрт сөндіру басқармасының бастығы:

Бір арықтағы суды сорғызсақ, көрші үйлерден ағып келіп, қайта толады. Бұл көшеде 3-4 үйді ауласымен бірге су басып қалған. «Жұмысшылар» кентінің сырт жағындағы қаншама үйге су кірген. Себебі судың сыртқа ағатын жолы жоқ. Суағарлар, арықтар - бәрі бітеліп қалған.

Айжан ҚУАШ 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах