Бразилиялық дәрігерлер ұзындығы
5 метр болатын аналық питонға ота жасады. Белгілі болғандай алып жылан
жұмыртқалай алмаған. Бұл жайында Рейтерс агенттігі жазады. Зообақ қызметкерлері
питонның салмақ жоғалта бастағанын байқаған. Кейін дәрігерлер ота жасамаса
рептилия өледі, - деген қорытындыға келді. Тексеру кезінде жыланның ішінде
жұмыртқа бары анықталды. 5 ветеринардан құралған топ питонның құйрық жағын
тіліп, деформацияға ұшыраған жұмыртқаны алып тастады. Сондай-ақ, питонның
денесінен жетілмей қалған 12 жұмыртқа табылды. Қазір жыланның жағдайы жақсы,-
дейді мамандар.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА