Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Теңге құнсызданады дегенге негіз жоқ - KASE

AstanaTV
09.08.2017ж. 20:00
2292
Теңге құнсызданады дегенге негіз жоқ - KASE

Қыркүйек айында доллар бағамы 400 теңгеге дейін көтерілмейді. Бүгінгі нарықтағы көрсеткіш сақталады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз жиынында «Қазақстан қор биржасы» басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк айтты. Оның сөзінше, қыркүйектің соңына дейін АҚШ валютасы 328-332 теңге көлемінде тұрақталады. Қор өкілдері қазір бағам бір қалыпта сақталды деп отыр. Бұған мұнай бағасының тұрақтауы оң ықпалын тигізген. Қазір «Brent» маркалы қара алтынның құны барреліне 52 долларға төмендеді. "Егер мұнай бағасы азын-аулақ құбылған жағдайда да, бұл доллар мен теңге бағамына айтарлықтай әсер етпейді. Сондықтан халықтың жуырда теңге құнсызданады деп дүрлігуіне негіз жоқ", - деді қор мамандары.

Андрей Цалюк, «Қазақстан қор биржасы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Девальвация болады деген қауесет негізсіз. Қазір өздеріңіз байқап отырғандай, нарықта көк қағазды  сатып алу мен сату көлемі 84,2 пайызға төмендеді. Осыдан-ақ қорытынды щығаруға болады. Жедел валюталық келісімшарттар нарығы жанданып келеді. Шілде айындағы сауда көлемі 5 миллиардты құрады. Оның алдыңғы маусым айында валюталық келісімшарттар мүлдем жасалмаған болатын. Егер фьючерсті теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамын болжайтын құрал ретінде қарайтын болсақ, онда қыркүйек айында 1 көк қағаздың құны 328 теңгеден 332 теңгеге дейінгі аралықта  болады. Доллар 400 теңгеге дейін көтеріледі деген - бос сөз. 

Қазақстан қор биржасының өкілі жуырда доллар бағамының айырбас пунктерінде бірден 343 теңгеге дейін шарықтауына сыртқы факторлар әсер етті деп отыр. Ол Ресейге қарсы санкцияладың күшеюі. Қазір көк қағаз құны 331-333 теңгеге сатылып жатыр.