Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстан мен Грузия арасындағы алыс-беріс Тбилисидің еуропалық нарыққа қызығушылығының артуына орай төмендеп отыр - Е.Ертісбаев

AstanaTV
09.08.2017ж. 20:00
2545
Қазақстан мен Грузия арасындағы алыс-беріс Тбилисидің еуропалық нарыққа қызығушылығының артуына орай төмендеп отыр - Е.Ертісбаев

Қазақстан мен Грузия арасындағы алыс-берістің төмендеп жатқаны Тбилисидің еуропалық нарыққа деген қызығушылығының артуынан. Гүржі еліндегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Ермұхамет Ертісбаев осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, қазір грузиялық компаниялар өз өнімдерін Еуроодаққа баж салығынсыз шығара алады. Тасымал мен ара-қашықтық тарифтеріне де өзгеріс енгізілген. Сондықтан отандық тауарлар шетелде сұранысқа ие болмай қалған. Тіпті Қазақстан мұнайына да қызығушылық бәсеңдеген. Дипломат, батыс санкцияларынан кейін жағдай тіпті қиындай түсуі мүмкін, деп топшылайды. Әзірге ресейлік корпорациялардың қатысы бар қазақстандық мұнай жобаларына Грузияның ұстанымы қандай екені белгісіз, - дейді елші. Бұған дейін хабарлағанымыздай, «ҚазақИнвест» ақпаратынша, екі ел арасындағы алыс-беріс 35 пайызға төмендеген. Бұл алаңдайтын жағдай, - деді Ертісбаев.

Ермұхамет Ертісбаев, Қазақстанның Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі:

Маған елші ретінде бұл, әрине, үлкен мәселе. Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия арасындағы темір жол тарифы әртүрлі болып, оның үстіне Каспий теңізінен өту керек болған шақта, тауар айналымы күрт төмендегені рас. Қызығушылық та төмендеді. Грузия қазір Еуропа нарығына өткен. Онда баж салығын төлемейтіндіктен, оларға сол жақ тиімді. Онымен қатар визасыз режимі де бар.

Сондай-ақ жиында қыркүйектен бастап Грузия Қазақстанға берешегін қайтара бастайтыны мәлім болды. Ертісбаев осыдан 20 жыл бұрын біздің ел грузиндерге 27 млн доллар қарыз бергенін айтты. Қарыз өте төмен пайызбен қайтарылатын болады.