Білім гранттары санын үш жыл бұрын жасақтап, жариялау қажет. Бас ұстаз Ерлан Сағадиев бүгін Үкіметте осындай ұсыныс айтты. Оның ойынша, жоғары оқу орындары жылда бір проблемаға тап болады. Ол ата-аналардың грантты бөлу тәртібін түсінбеуі. Мамандықтар бойынша грант санын кеш білетін түлектер өз мүмкіндігін ескеріп, дайындалуға уақыт жетпейді. Оған қоса, көптеген түлектер Алматы мен Астанада оқуды ойлайды. Бұл қалаларда гранттан бөлек университеттерде отыратын орын жоқ - дейді министр. Үш жылдық бюджет негізінде, гранттарады да алдын ала үш жыл бұрын жариялау қажет және оны биыл шешу керек, - деді Сағадиев.
Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:
Мәселен, біз гранттарды экономикадағы басым бағыттар бойынша бөлеміз. Сандық техникаға 610, заңгерлікке 45. 2500 жалпы медицинаға, 45 стоматологқа. Сәкесінше, бір мамандыққа жоғары балл алғандар түспейді, ал төмен алғандар басқасына түседі. Экономикалық мақсат әлеуметтік түсінікке қайшы келіп тұр.
Сондай-ақ,
биыл жоғары оқу орындарындағы оқу бағдарламары тізімі жасақталады. Яғни сұранысқа ие мамандықтар анықталды.
Ерлан
Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:
Бұл
бағытта жұмыс басталды. Ай-ти мамандықтар тізімін, кибер қауіпсіздік бойынша
Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жақында таныстарымыз. Бұл нарықта қажетсіз,
ескірген мамандықтардан тазартуға мүмкіндік береді.