Өскеменде
еңбек мигранттарына жалақыдан қордаланған қарыз төленді. Бұл жайында біздің
арнамыздың тілшілеріне қалалық прокуратура өкілдері мәлімдеді. Бұған
дейін хабарлағанымыздай, бір топ құрылысшы соңғы үш айда тиісті айлығын ала
алмай жүргенін айтып БАҚ өкілдеріне шағымданған. Келеңсіз жағдайдан хабардар
болған қалалық прокуратура бірден тексеру жүргізді. Анықталғандай, шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында
жұмыс істеуге рұқсат құжаттары бар болып шықты. Құрылыс компаниясы 82 шетел
азаматын еңбекке тартуға квота алған.
Иван
Богомолов, Өскемен
қаласы прокурорының аға көмекшісі:
Бүгінде
арадағы дау шешілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сюжеттен кейін
«Ком рус» фирмасы еңбекақыдан жиналған қарызды толықтай өтеді. Шамамен 2,5 млн
теңге. Квота 82 адамға рәсімделген. Қазірде 67 азамат жұмыс істеуде.
Оның 15 елдеріне қайтады.
Әсем МҰХИТОВА