Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Сібір жарасынан қайтыс болған адам дер кезінде дәрігерге жүгінбеген

AstanaTV
24.09.2018ж. 20:00
4536
Сібір жарасынан қайтыс болған адам дер кезінде дәрігерге жүгінбеген

 Шығыс Қазақстан облысында сібір жарасынан қаза болған тұрғын дер кезінде медициналық көмекке жүгінсе аман қалар еді. Дәрігерлер осындай уәж айтып отыр. 21-қыркүйек күні облыстық мамандандырылған медициналық орталықта 47 жастағы Катон-Қарағай ауданы Малонарым ауылының тұрғыны көз жұмды. Оның сібір жарасын жұқтырғаны расталды. Марқұм өзін 12-қыркүйекте жайсыз сезінген. Ауыл тұрғыны содан үш күн бұрын бұзау етін жіліктеу кезінде қолын кесіп алыпты.

Марат Шаронов, ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы: 

18-ші қыркүйекте сиптомдары қосылып, біз оны Өскемен қаласына аударуға шешім қабылдағанбыз. Науқас өз шешімімен ауруханадан кетіп қалды. Жергілікті полиция арқылы сағат 12 де қайта ауруханаға қайтарылған.  

Белгілі болғанындай, марқұммен 37 адам қарым-қатынаста болған. Олардың бәріне медициналық көмек көрсетілді. Және 15 күн бойы дәрігерлер бақылауда ұстамақшы. Мал сойылған аула да залалсыздандырылған. Осы оқиғадан соң 1 мың 260 бас ірі қара мен уақ малға шұғыл вакцина салынды. Ветеринарлар қайғылы оқиға 1972 жылы сібір жарасынан өлген малдарды көмген орыннан бар болғаны бес шақырым қашықтықта болғанын айтады. Олар қауіпті індет нөсер жауыннан тарауы мүмкін деп топшылайды.   

Асқар Жақыпбаев, ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:  

Ошақ 1972-ші жылы сол қорымда мал көмілген. Биыл су тасқыны, жаздай жаңбыр салдарынан шөппен бірге сібір жарасы инфекциясы жер бетіне көтерілуі мүмкін.  

Төребекқызы А.