$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Нұр Отан» партиясының Алматыдағы филиалы тұрғындардан түскен екі мыңнан аса арызды қанағатандырған

AstanaTV
27.09.2018ж. 20:00
2545
«Нұр Отан» партиясының Алматыдағы филиалы тұрғындардан түскен екі мыңнан аса арызды қанағатандырған

Алматыда жыл басынан бері "Нұр Отан" партиясының қоғамдық қабылдауына түскен 2 мыңнан аса арыз оң шешімін тапқан. Бұл туралы қалалық мәслихаттың депутаты Ерболат Қасымов айтты. Солардың бірі 1-ші ықшам аудандағы жаңа тұрғын үйлерге баратын жол құрылысы. 90-ға жуық тұрғын бұл мәселені 3 жылдан бері шеше алмай келе жатқандарын айтып, нұротандықтардан көмек сұрапты. Олар өз баспаналарына көрші аула арқылы өтіп келген. Ал, бұл көлік кетпелісіне әкеп соқтырған. Тіпті, жол апатаның жиілеуіне әсер еткен дейді тұрғындар. 

Нина ВИНОГРАДОВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  

Кішкентай ғана аулаға кіріп шығу мұң болатын. Шамамен 70-80 машина өтетін. Бірі құрылыс заттарын алып келсе, енді бірі жол қысқартамыз деп кіріп жатады. Кейде шамадан тыс транспорт тығынынан көліктерді соғып, сырып өтетін кездер де болған.   

Ерболат ҚАСЫМОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ, "НҰР ОТАН" ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бір жарым айдың ішінде біз өз қаражатымыздан бөліп 2 миллион теңгедей, 90 метрдей жол жасап бердік. Енді өздеріңіз көріп жатсыздар, тұрғындардың арыздары жабылып нақты шешім қабылдап, арызын орындап бердік депутат ретінде партия атынан.

О. Нұржақып