Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Зейнетақы қорындағы қаражаттар. Индонезия мен Мексиканың бағалы қағаздар нарығына салынған

AstanaTV
28.09.2018ж. 20:00
2846
Зейнетақы қорындағы қаражаттар. Индонезия мен Мексиканың бағалы қағаздар нарығына салынған

Болашақ зейнеткерлердің қаражатын шетелдік бағалы қағаздар нарығына салу жалғасып жатыр. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Әзірбайжан банкімен болған дау-дамайға қарамастан қордағы активтерді шетелге инвестиция ретінде тартуды доғарар емес. Соңғы сегіз айда қор 480 млрд. теңгені кваз мемлекеттік компаниялар мен алыс шетелдердің бағалы қағаздарына сеніп тапсырған. Бұл туралы Қазақстан қаржы қауымдастығының мамандары мәлімдеп отыр. «Бұл мәліметтер Бірыңғай зейнетақы қорының тоқсандық есебінің қортындысында көрсетілген», дейді қаржыгерлер. Қордың портфеліндегі қаржының көлемі тамыз айында ғана 224. млрд. теңгеге артқан. Ал, жыл басынан бері 1 трлн. теңгеге толыққан. Сөйтіп оның жалпы көлемі 8,8 трлн. теңгеге жетіпті. Осы сомманың тең жартысы әдеттегідей Қазақстан бағалы қағаздар нарығына салынған. Ал, шетелдік компаниялардың бағалы қағаздарына барлығы 2,1 трлн. теңге жөнелтілді. Қаржыгерлер қауымдастығы зейнетақы қоры инвестициялық салымдардан пайда тауып жатқанына сенімді. Себебі, зейнетақы қаражатын алған отандық квазисекторлық компаниялар негізінен табысы мол энергетикалық және өндірістік салаларда жұмыс жасайды. 

Мерей ИСАБЕКОВ, ҚАЗАҚСТАН ҚАРЖЫГЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САРАПШЫСЫ: 

Егер, осы инвестициялардың қортындысы туралы айтсақ, соңғы 12 айда пайда көрсеткіші 9 пайызға жеткен. Ол кезде инфлияция 6 пайыз еді. Сонда таза табыс 3,5 пайызды құрап отыр. Биылғы сегіз айда инвестициялық кірстер есебінен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 620 млрд. теңгеге пайда көрді.  

БЖЗҚ 2018 жыл тамыздағы жинағы - 224 млрд. теңге; БЗЖҚ 2018 жыл қаңтар - тамыз жинағы - 1 трлн. теңге; БЗЖҚ жалпы жинағы- 8,8 трлн. теңге; БЗЖҚ шетелдік бағалы қағаздардағы жинағы- 2,1 трлн. теңге.


Р. Асқарбекұлы