Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Виктор Храпунов 20 жылға бас бостандығынан айырылсын мемлекеттік айыптаушы

AstanaTV
28.09.2018ж. 20:00
2477
Виктор Храпунов 20 жылға бас бостандығынан айырылсын  мемлекеттік айыптаушы

Виктор Храпунов 20 жылға, жұбайы Ләйлә Храпунова 17 жылға соттталуы мүмкін. Алматыда басты айыпталушыларсыз өтіп жатқан сот та соңына таяды. Оларға сырттай үкім шығатын күн алыс емес. Прокурор атушулы әкімді 7 жылға дейін мемлекеттік қызметке жолатпауды өтінді. Оған қоса соттан бар мүлкін тәркілеуді сұрады. 

Алмас БАЙБАРАҚОВ, МЕМЛЕКЕТТІК АЙЫПТАУШЫ:  

Виктор Храпуновты қылмысы дәлелденді деп санап, оны 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауыңызды сұраймын. Сонымен қатар, 7 жыл мемлекеттік органдарда қызмет етуге тыйым салынсын, мүлкі тәркіленсін. Сондай-ақ, оның барлық марапаттары мен ордендерінен айыру туралы Мемлекет басшысына өтініш беруді ұсынамын. 

Дегенмен, қалалық сот басты фигуранттарды соңғы сөз айтуға әлі шақырып отыр. Осылайша Храпуновтарға ақталуға мүмкіндік бермек. 

Дияс МАХАМБЕТ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:  

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сот ерлі-зайыпты Виктор Храпунов пен Лейла Храпунованың және Аяр Ілиясовтың үкім шығар алдында соңғы сөзін айтуға құқылы екендігін хабарлайды. Қазанның 2-сі күні сағат таңғы 9-00 да күтеміз. Келмеген жағдайда сот кейінге қалмайды. Судья оларға өз жазасын тағайындайтын болады. 

Екі ай бұрын басталған сотта Храпуновтардан бөлек 9 адамның ісі қаралды. 400 томдық іс бойынша 200-ден аса куәгер тыңдалды. Ал, айыпталушылар қазіргі уақытта Швейцарияда тұрады. 

О. Нұржақып