$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Түркіменстанда газ, электр қуаты, ауызсу мен тұз ақылы болмақ

AstanaTV
29.09.2018ж. 20:00
3064
Түркіменстанда газ, электр қуаты, ауызсу мен тұз ақылы болмақ

«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, Түркіменстан халқы алдағы жылдың 1-қаңтарынан бастап газ, электр қуаты, су мен тұзды сатып алады. Енді «тегін» деген нәрсе болмайды. Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов «Түркіменстан халқын электр қуаты, газ, ауызсу және ас тұзымен қамтамасыз етуді ретке келтіру туралы» қаулы қабылдаған. Халық Мәслихатының осы аптада өткен жиналысында ол: «Қиын кезеңде газ, электр қуаты, ауызсу мен тұз жеңілдікпен берілді»,- дей келе, - «Бірақ заман өзгеріп жатыр. Біз қазір жаңа экономикалық жағдайда өмір сүріп отырмыз...мемлекет және әрбір адамның нарықтық қатынастарға бейімделуін ақылға салып шешу керек. Қазір халықтың табысы әлдеқайда өсті. Сол себепті коммуналдық қызметке жеңілдіктер алып тасталады», - деген. 

Электр қуаты, газ, ауызсу Түркіменстанда 1992 жылдан тегін етін. «Азаттықтың» хабарлауынша, соңғы жылдары бұл мемлекетте астық пен ұн тапшылығы туындай бастаған. Түркімен телеарналары дүкен сөрелерінде азық-түліктің толып тұрғаны туралы хабарларды ауық-ауық көрсетіп, президент «мемлекет азық-түлікпен өзін-өзі толық қамтитын жағдайға жеткені» туралы мәлімдейтініне қарамастан, дүкендерде азық-түлік тапшылығы жиі туындайды, деп жазды. Ал қыркүйектің 14-і күні Түркіменстанның Дашогуз уәлаятындағы (облысы) дүкен алдында нан кезегінде тұрғандар арасында төбелес шыққан. Ұрыс-керіс барысында наразы жұрт нан тапшылығын көріп отырған елдегі жағдайға нанды кезексіз алмақ болған «Яшулылар Маслахатының» яғни «халық ақсақалдарының» мүшелерін айыптаған. Итеріп, жолын кес-кестеген. Қазір «халық мәслихаты» деп атауы өзгерген «Яшулылар Маслахатына» мемлекеттік шенеуніктермен бірге қарт тұрғындар да кіреді, билік оларды белгілі бір талаптарға сәйкес мұқият іріктеп алады. Мысалы, «олардың ақ сақалы болуы керек» деген сынды бет-әлпетіне қатысты талап та бар.

Ақсақалдар кеңесі тұрғындардың тегін газ, су және электр жарығын пайдалануға қатысты жеңілдіктерін алып тастауды қолдап дауыс берген.