Қазақстанмен әріптестік орнатқан Ұлыбритания соңғы 27 жылда ел экономикасына 13 млрд доллар инвестиция құйған. Ал, Қазақстан капиталы мен жаңа технологиясымен келетін шетелдіктер үшін барлық жағдай жасамақ. Лондонда өткен инвестициялық форумда Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев осылай деді. Британдық кәсіпкерлер «Астана» қаржы орталығындағы арнайы салық тәртібіне қызығып отырғандарын жасырмады. Айта кетейік, былтыр екі ел арасындағы тауар айналым 1 миллиард доллардан асқан.