$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мемлекеттік кірістер комитеті көмір бағасын бақылайтын жүйе енгізбек

AstanaTV
04.10.2018ж. 20:00
3022
Мемлекеттік кірістер комитеті көмір бағасын бақылайтын жүйе енгізбек

Мемлекеттік кірістер комитеті көмір бағасын бақылайтын жүйе енгізбек. Осылайша қатты отынның қымбаттауын тыймақ. Ал, бүгін Астана билігі биыл ешкім көмірсіз қалмайды деп сендірді. Бағасы да тұрақты болады деп отыр. Тілшіміз Диана Сапарқызы көмір сатушылар мен әкімдік бағасын салыстырып көрді.

Диана САПАРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:   

Биыл Астанаға 116 мың тонна көмір жеткізілмек. Бұл былтырғыға қарағанда екі есе көп дейді Астана билігі. Әкімдік өкілдері көмір бұрынғы бағасын сақтап қалатыны айтты. Ал, нарықтағы жағдайды да күн сайын бақылап отырғандарын айтады. Алайда, елорданың көмір сатушы компаниялары қатты отын бағасын біршама көтеріп сатып отыр. 

КӨМІРДІ ЖЕТКІЗУШІ КОМПАНИЯ ӨКІЛІ:   

Біз «Шұбаркөл» көмірін 16500 теңгеден, «Қаражыраны» 15500-ден, «Майкөбе» 15 мың теңгегеден сатамыз. Біз өз бағамызды қоямыз. Өзіміз Шұбаркөлден тиеп алып келеміз. 

Әкімдіктің берген ақпаратына сәйкес, Шұбаркөлдің тоннасы 13 500-14 500, ал «Майкөбе» 12 500 мың, «Қаражыра» 14 000, «Богатырь» 9500 теңгеден сатылуы тиіс. Ал, биыл былтырғыдай көмір тапшылығы туындамайды деп отыр.   

Бағдат БАЙСАДЫҚОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:   

Дефицит жоқ қазіргі уақытта. Қазірдің өзінде анализге қарағанда, «Шұбаркөл» көмірі жеткілікті көлемде жеткізіліп жатыр Астана қаласына. 

Ал, мемлекеттік кірістер комитеті келер жылдан бастап көмір сататын пысықайлардың ісін бақылап отыратын жүйе енгізбек.   

Шафкат ҚҰДАБАЕВ, ҚР ҚМ МКК МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  

Көмірді алып, басқаларға сату мақсатында алатын азаматтар виртуалды қойма жасауы шарт. Және сату кезінде электронды счет-фактура шығаруға міндетті. Осындай міндеттерді заңды түрде бекіту арқылы көмірдің бағасын қалыпты деңгейде ұстай аламыз. 

Диана САПАРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:   

Биыл 81 млн тоннадан астам қатты отын өндірілді. Бұл былтырғы көрсеткіштен жоғары. Оның 20 жарым млн. тоннасы экспорталған. Инвестицялар және даму министрлігі бүгінде барлық аймақтар көмірмен қамтамасыз етілгенін хабарлады. Ал, Астана тұрғындарының қатты отынға қатысты сұрақтары болса, «І-көмек 109» жедел желісіне хабарласа алады. Әкімдік өкілдері мәселені дереу шешеміз деп отыр. 

Д. Сапарқызы