Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтауда тағы бір ІТ сынып ашылды

AstanaTV
04.10.2018ж. 20:00
1987
Ақтауда тағы бір ІТ сынып ашылды

Ақтауда «Нұр Отан» партиясының мұрындық болуымен мектепте кезекті ІТ сынып ашылды. Бұл жерде оқушылар тек робототехниканы меңгеріп қана қоймай, компьютерлік сауаттылықтарын да арттырмақ. Кезекті ІТ сынып «ІТ» лицейінде ашылып отыр. Айта кетері, білім ордасы биыл профильдік бағытын ауыстырған. Аталған ІТ сынып Маңғыстау өңірінде жоспарланған 35 сыныптың бірі. «Партияны жаңғырту» бағдарламасы аясында бірегей сыныптардың ашылуына кәсіпкерлер де өз үлесін қосып жатыр, - дейді партиялықтар.  

Қуаныш ЕСЕТОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ:  

Жалпы, оқушылар өте үлкен бір қызығушылық білдіруде және де өте қажетті бастама екенін айта кету керек. Елбасымыз айтқандай, жаңа өзгеріп жатқан дүниеде бәселестікке деген қабілетіміз өте жоғары болу керек. Сол қабілеттер осы мектептерден басталады. Яғни, жаңа технологиямен, жаңа біліммен, жаңа ІТ өзгерістермен.  

А. Мұхитова