$491.7 €531.28 ₽5.07
×

«Нұр Отан» партиясы түсіндіру жұмыстарын жүргізді

AstanaTV
11.08.2017ж. 20:00
2258
«Нұр Отан» партиясы түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының мүшелері медициналық сақтандыру бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын өткізді.  Париялықтар қалалық емханалардың сарапшыларымен осы уақытқа дейін елордада 500-ге жуық ақпараттық жұмыстар жүргізіп үлгерген. Осындай құлақтандыру шаралары бүгін "Қазақтелеком" компаниясының қызметкерлеріне де ұйымдастырылды.

Еске салсақ, 1-ші шілдеден бастап, елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген болатын. Аталмыш ақпараттық топтың мақсаты - халыққа міндетті медициналық сақтандырудың маңыздылығы мен тиімділігін түсіндіру.

Ахмет Сейітов, «Нұр Отан» партиясы Есіл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының бірлестігінде осындай өткізіліп жатыр. Біздің бастауыш партия ұйымымыз, көптеген спикерлер келіп, өзіміздің спикерлер келіп қаладан денсаулық сақтау басқарамысынан келіп осындай дәрістерді беріп жатыр. Түсіндіріліп жатыр біздің жерлестерімізге, қала тұрғындарына.