Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Жаңа оқу жылы қыркүйектің 2-сінен басталады

AstanaTV
11.08.2017ж. 20:00
4124
Жаңа оқу жылы қыркүйектің 2-сінен басталады

Елде жаңа оқу жылы қыркүйектің 2-сінен басталады. Ол Астанаға да қатысты. Алғашқы қоңыраудың сенбі күні өтуі ЭКСПО көрмесіне байланысты емес.

30 тамыз - Конституция күні. Ол күні қазақстандықтар демалады. 31-і  - бейсенбі жұмыс күні. Ал 1 қыркүйек - Құрбан айт мерекесі. Мұсылмандардың ең басты мерекесі - күнтізбедегі қызыл дата. Сондықтан жұма күні қазақстандықтар демалатын болады. Ал екінші қыркүйек күні алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылы басталады.