Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жеңілдетілген несие алған кәсіпкер оған көлік мініп алған

AstanaTV
12.10.2018ж. 20:00
2806
Жеңілдетілген несие алған кәсіпкер оған көлік мініп алған

Ал, кәсіпкерлердің қулығына құрық болмайды. Атыраулық бизнесмендер ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорын алдап соққан. Яғни, бизнесті дамыту үшін төмен пайызбен несие алып, оны өзінің жеке пайдасына жаратып жіберіпті. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады. Құзырлы мекеме тексеріс кезінде үкіметтен кәсібін дөңгелетуге ақша алып, оны қу басына жаратқан 12 кәсіпкерді әшкерелепті. 

Аслан НҰРҒАЛИЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Атырау облысы прокуратурасымен жүргізген тексеріс нәтижесімен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы берген жеңілдетілген несиені мақсатсыз пайдаланған 12 кәсіпкер анықталды. Қадағалау актісі негізінде жосықсыз кәсіпкерлерден мемлекет пайдасына 16 млн. теңгеден астам қаражат өндірілді.     

Тағы бір кәсіпкер жолаушылар тасымалдау мақсатында автобус сатып аламын деген желеумен 6 пайызбен 5 млн теңге несие алған. Алайда, ол қаражатты үйін жөндеуге және емделуге жұмсаған,-дейді. Несие алушының үстінен қылмыстық іс қозғалып, алған ақшасын бюджетіне қайтарыпты. Тағы бір бизнесмен 3 млн теңге жеңілдетілген несие алып, өзіне көлік сатып алған. Осылардың кесірінен өңірде кәсіпкерлікті дамытуға бөліген бюджеттің 20 млн теңгесі мақсатсыз жұмсалған. Қазір прокуратурамен оның 16 млн-ы қазынаға қайтарылды.  

Б. Надирқызы