Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Америкада 970 миллион доллардың ұтысы ойнатылады

AstanaTV
19.10.2018ж. 20:00
1963
Америкада 970 миллион доллардың ұтысы ойнатылады

970 миллион доллар кімге бұйырады? Америкада Джекпот «Powerball» ойнатылмақ. Ұтыс бүгін Америка уақытымен кешкі 11-де өтеді. Қыруар ақшаны алғысы келетіндердің көптігі сондай, кезек ұзын-сонар. Олар джек пот бұйырса түрлі мақсатқа жұмсамақ. Бірі үй алып, Таитиге баруды қаласа, енді бірі банктегі қарызын жаппақ. Кейбірі тіпті жұмысын тастауға дайын. Жеңімпаз барлық ақшаны ойнатылған бойда ала алады. Бірақ, ол кезде қолына 548 миллион долларды алуға құқылы. Ал, барлық сомманы алғысы келсе, 29 жыл бойы бөліп алуына болады. Ойын тәртібі осындай.  

Г. Меңдеева