Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Ердоған саудтық журналист өлімі алдын ала жоспарланғанын мәлімдеді

AstanaTV
24.10.2018ж. 20:00
2802
Ердоған саудтық журналист өлімі алдын ала жоспарланғанын мәлімдеді

Америкалық Washington Post газетінің шолушысы болған Жамал Хашогги өлімі алдын ала жоспарланған. Түркия президенті осындай мәлімдеме жасады. Өйткені, журналист Сауд Арабиясының бас консулдығына кіретін күні барлық бейнекамералар өшірілген. Сондай-ақ, Ердоған Жамалдың кейіпінде Түркиядан Эр-Риядқа ұшып шыққан кісіні бөге адам деп мәлімдеді. Айта кетейік, кеше ақпарат құраладыр журналистің денесі Стамбулдағы Сауд Арабиясының бас консулдығы ауласындағы құдықтан табылғанын жарыса жазды. Бірақ, өлген адамның журналист Хошогги екені туралы айғақ ұсынылмай отыр.   

Реджеп Тайып ЕРДОҒАН, ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Бұл өлімге қатысы бар. Оның ішінде Түркиядан тыс жерде жүрген адамдар жазасыз қалмауы керек. Әлемге әйгілі журналистің Түркияда өлуі Анкараға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр.

Иран президенті Хашогги өліміне Американы айыптады. Ал, Эр-Риядтың жақын одақтасы Вашингтон өлімге тапсырыс берушіге санкция енгізбейтінін мәлімдеді. АҚШ журналист өліміне қатысы бар саудтықтар визасын қайтармақ ниетте. Мемлекеттік хатшы Майк Помпео екі ел әріптестікті жалғастыратынын айтты. Айта кетейік, мемлекеттер арасында құны 100 млрд доллар болатын келісім-шарт бар.  

Г. Меңдеева