Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Шымкентте нұротандықтар әлеуметтік қызметкерлерді құттықтады

AstanaTV
26.10.2018ж. 20:00
3660
Шымкентте нұротандықтар әлеуметтік қызметкерлерді құттықтады

Бүгін-әлеуметтік қызметкерлер күні. Шымкентте «Нұр Отан» партиясының өкілдері өзгенің жанына жалау бола білген жандарды кәсіби мекересімен құттықтады. Солардың бірі-Айгүл Төленова. Әлеуметтік қызметкер екі жылдан бері көмекке мұқтаж жандарға қолғабыс жасап келеді. Қамқорлығындағы сегіз адамның бірі 88 жастағы Құралай Әліқұлова. Тыл ардагері. Ширақ, асын әлі күнге өзі әзірлейді. Бірақ, жалғыздық жанына қатты бататынын айтады. Айгүл аптасына екі күн екі сағатқа келіп, кейуананың үй шаруасына көмектеседі. Оның жалақысы-45 мың теңге. Айгүлдің негізгі мамандығы экономист.  

Айгүл ТӨЛЕНОВА, ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР: 

Сол кезде табылған жұмыс болды. Бірақ, мен әрі қарай алып кеттім тастамай. Өйткені, менің өзімнің көңіліме сай. Өзімнің өмірлік қасиеттеріме сай, қол ұшын беруге, көмектесуге мұқтаж адамдарға. Менің қарт анам бар, мен бәрін түсінемін.  

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Мысалы, осы мөлтек ауданда осындай қызметке мұқтаж азаматтарға осы мөлтек ауданға жақын жерде тұратын әлеуметтік қызметкерді біріншіден, екіншіден, барлығын бірін біріне жақындау жерден орналастыру керек деп ойлаймыз. 

А. Төребекқызы