Ұлттық қауіпсіздік комитеті аймақтардағы арнайы операция кезінде 10 адамды ұстады. Олар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздырған деген күдік бар. Олар Алматы қаласының, Ақмола, Алматы және Қарағанды облыстарының тұрғындары. Үгіт-насихат жүргізілген чат пен қоғамдастыққа 15 өңірдің 180-ге жуық діндар адамы тіркелген. Енді ұсталғандардың терроризмді қаржыландыру мен өзге де көмек көрсетуге қатысы бар-жоғы тексерілмек. Ұлттық қауіпсіздік қызметі тергеу жалғасатынын хабарлады.
Г. Меңдеева