Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

АҚШ-тан келген мұғалімдер Шығыс Қазақстан облысының шалғай аудандарында балаларға ағылшын тілін үйретеді

AstanaTV
29.10.2018ж. 20:00
4338
АҚШ-тан келген мұғалімдер Шығыс Қазақстан облысының шалғай аудандарында балаларға ағылшын тілін үйретеді

Американдық ерікті-мұғалім Брайн Байрос «Нұр Отан» партиясының «English for Jastar» жобасының аясында балаларға ағылшын тілін үйретеді. Ол Шығыс Қазақстан облысының шалғай жатқан Зайсан мен Аягөз аудардарынан бастауды жоспарлап отыр. Брайнның айтуынша, бұл ол үшін тұңғыш жоба емес. Шетелдік мұғалім бұрын да жастармен жұмыс істеген. Ол тіл үйретуде дәстүрлі тәсіл қолданбайтынын айтты. Көбіне қарым-қатынас жасау арқылы үйренсе, сөздік қорларын молайта алады,-дейді ол. Ерікті Қазақстанның географиялық жағдайынан басқа ештеңе білмегенін де жасырмады. Сондықтан, мейманға халықтың салт-дәстүрі, ұлттық тағамдары мен тарихи ескерткіштері бәрі қызықты. Брайн Байрос белсенді блогер ретінде өз жазбалары мен суреттерін әлеуметтік желілерде жарияламақ. Ал, партияның «English for Jastar» жобасы облыстағы 6 ауданда жүзеге асырылады. Аймақтағы оқу орындарының жоғарғы курс студенттері оқушылардан басқа да барлық тіл үйренгісі келген азаматтарға ерікті түрде үйретеді.  

Брайн БАЙРОС, ЕРІКТІ- МҰҒАЛІМ: 

Сабақтарда өзім аралап шыққан елдер туралы айтып беремін, ал оқушылар маған өз елдері туралы әңгімелейді. Өзім осылайша португал және испан тілдерін үйрендім. Ағылшын тектес тілде сөйлейтін орта басқа тілдерді меңгеруге жол ашады. Картадан Қазақстанның қайда орналасқанын ғана көргенмін. Бірақ, қазірден бастап халқының қонақжайлылығы мен табиғатына таңғалып тұрмын. 

А. Қуаш