Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Астана процесінің кезекті раунды Сириядағы қақтығыстарды тоқтатуға бағытталады-ҚР СІМ

AstanaTV
29.10.2018ж. 20:00
2458
Астана процесінің кезекті раунды Сириядағы қақтығыстарды тоқтатуға бағытталады-ҚР СІМ

«Астана» процесінің кезекті раундына Сирия билігінің делегациясымен бірге қарулы оппозиция өкілдері де қатысады. Онда елдегі саяси мәселелер емес, Сириядағы соғысты тоқтату мәселесі ғана қаралады. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров осылай деді. Қазір ведомство алдағы келіссөздерге дайындалып жатыр. Оның өту уақытын кепілгер-елдер мен қатысушылар белгілейді. Бітім режиміндегі соңғы тоғызыншы кездесу Астанада биыл мамырда өткен еді. Сол кезде сириялық оппозиция өкілі келіссөздің басқа жерде өтуіне қарсылық танытып, «Астана» процесіне ғана сенім артатынын айтқан болатын. 

Айбек Смадияров, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:   

Қазір біз дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сирияаралық келіссөздерді өткізудің оңтайлы уақытын белгілеу бойынша кепілгер-елдермен кеңесіп жатырмыз. Алдын ала болжам бойынша айтарымыз, келіссөздер осы жылдың қарашасының аяғы немесе желтоқсаның басында өтеді.

Ғ. Қылышбаева