Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Калифорниядағы орман өрті салдарынан қаза тапқандар саны 31 адамға жетті

AstanaTV
12.11.2018ж. 20:00
2998
Калифорниядағы орман өрті салдарынан қаза тапқандар саны 31 адамға жетті

А,л Калифорниядағы орман өртінен қаза тапқандар саны 31 адамға жетті. 200-ге жуық кісі хабар-ошарсыз кеткендер қатарында. Ал, 250 мыңнан астам тұрғын өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Қазіргі уақытта Калифорнияда үш ірі өрт ошағы бар. Солтүстік Калифорниядағысы-штат тарихындағы ең ірі және жойқын өрт болып тіркелді. Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, өрт Парадайс қаласын толығымен жалмап, 42 мың гектардан астам жерге тараған. Тағы екі өрт Калифорнияның оңтүстігінде, Лос-Анджелес ауданы мен Вентура аймағында бой бермей тұр. Тынық мұхитына қарай жылжыған өрт жағалаудағы аудандарға және танымал Калифорния курорты Малибуға қауіп төндіріп отыр. Штатта төтенше жағдай жарияланды. Өрт сөндірушілердің болжамы бойынша, қызыл жалынды толық ауыздықтауға әлі де бір айдай уақыт қажет. Ал, үйлерінен айырылғандардың арасында әйгілі актерлар мен әншілер Джерард Батлер, Кейтлин Дженнер мен Майли Сайрус те бар. 

Майли САЙРУС, ЗАРДАП ШЕГУШІ: 

Менің үй жануарларым мен бүкіл өмірімнің махаббаты дін аман, мен үшін маңыздысы осы. Ал үйім толығымен өртеніп кетті. 

Ә. Өмірзақ