$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Қазақатомөнеркәсіп» компаниясының акцияларына қызығушылық артты

AstanaTV
13.11.2018ж. 20:00
2581
«Қазақатомөнеркәсіп» компаниясының акцияларына қызығушылық артты

«Қазақатомөнеркәсіп» компаниясының акцияларына қызығушылық артты. Лондон уақытымен таңғы 8-де басталған саудаға сұраныс ұсыныстан 1,7 есеге асып түскен. IPO-ға 49 шетелдік және 16 отандық заңды тұлға, Қазақстанның 2700 азаматы қатысқан. Отандық азаматтар қор биржасындағы жалпы акция көлемінің 47,5 пайызын сатып алып үлгерді. Айта кетейік, бүгін ұлттық компания акцияларын Астана және Лондон қор биржаларына шығарған еді. Оның жалпы құны 451 млн АҚШ долларын құрайды. Ал, өтініш 769 млн долларға берілген. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының хабарлауынша, «Қазатомөнеркәсіп» өз акцияларын халықаралық қор биржасында сәтті орналастырған алғашқы компания болды.